«Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
16
сентябрь
2022

«Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

     2022 жылдың 1-12 қыркүйегі арасында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. Онкүндік барысында 7 сыныптар арасынан жас инспекторлар отрядын  ДТЖО Жанаханова Р.Ж. және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Кемелбеков Ө. оқушыларды іріктеп алды. Жас инспекторлар отрядына 7 Ә сынып оқушыларының тізімі бекітілді. Сынып жетекшісі Н.Қойшыманова. 
6 қыркүйек «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу» және «Мектепке жол!» күнделікті сабаққа келетін жолы бойынша   практикалық сабағына Меркі АПБ ӘПБ жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері Тналиев Д., Нұрғали Н. және мектеп инспекторы Килебаева Г. қатысып балаларға жолда жүру белгілерін көрсетіп, ақпараттық парақшалар таратты және  ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар мектепке келер-кетер жол бойындағы жаяу адам жүруге арналған жол бөлігін көрсетіп, түсіндірді. Практикалық сабаққа 1 а – сынып жетекшісі Нагметова Женискул Базарбаевна,1 ә сынып жетекшісі - Калыкулова Маншук, 1 б- сынып жетекшісі Садирмекова Ляззат Раимбаевна,1 в- сынып жетекшісі Джумангораева Гүлбахор,1 г - сынып жетекшісі Ыдырысова Айнұр,1д- сынып жетекшісі Азизова Валентина оқушыларымен қатысты.
12 қыркүйекте «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты 2-4 сынып оқушыларына жолда жүру ережесі және жол белгілерін түсіндіру бойынша инструктаж өткізілді. Мақсаты балаларды жол-көлік апатынан  және жарақаттанудан сақтау, жолда жүру ережелерімен белгілерін  түсіндіріп үйрету. 2-4 сынып жетекшілері оқушыларға мектеп дәлізінде орналасқан арнайы жол белгілері көрсетілген стенд арқылы жолда жүру ережесін түсіндірді.
6 қыркүйекте жоспарға сәйкес мектебіміздің 5-8 сыныптар арасында «Жас жолаушы және жолда жүру ережесі» тақырыбында Меркі аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны мектеп инспекторы Г.Килебаевамен және АӘД пәнінің мұғалімі Ө.Кемелбековпен кездесу өткізілді. Мақсаты оқушыларды жол-көлік жарақаттарынан сақтау, жол ережелерімен таныстыру.
Онкүндік барысында 5-6 сынып жетекшілері Ноғайбекова А., 
Кириенко А., Алшынбаева Р. жол ережелері, жол ережелерінің шығу тарихы, жол белгілері туралы ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив