10
сентябрь
2021
«Түнгі қаладағы бала» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мезгілсіз жүруін анықтау мақсатында жүргізілген рейд іс-шарасы туралы
АНЫҚТАМА
2021-2022 оқу жылының қыркүйек айындағы Жамбыл облысы Әкімдігінің білім басқармасының №03-3485 хатына сәйкес Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобымен аудан аумағындағы барлық қызмет пен мүдделі ведомстваларды қатыстырып «Түнгі қаладағы бала» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шараға байланысты 09-10 қыркүйек күндері Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-ның мөлтек аудандағы саяжайларға, көңіл көтеру орындарына, дүкендерге, кафелерге, мейрамханаларға,таудағы демалыс орындарында кәмелетке толмағандардың мезгілсіз жүруін анықтау мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері С.А.Метеркулова,АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның қызметкерімен мектеп әкімшілігі және мұғалімдермен бірлескен түнгі рейд профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Рейд і-шарасы барысында аталған Меркі ауылдық округінде орыналасқан көңіл көтеретін орындарда заңды өкілінсіз қараусыз қадағалаусыз жұмыс жасап жүрген мектеп оқушылары анықталған жоқ. Ата-анасының бақылауынсыз, қадағалаусыз, қараусыз жүрген оқушылар анықталған жоқ. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында оқушылардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылуы қолға алынып, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған, оның ішінде каникул кезінде өзге де іс-шаралар өткізу көзделді. АІІБ ЖПҚ ЮПТ және мектеп әкімшілігінің қатысуымен, мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерімен мектепке бекітілген АІІБ-нің қызметкерімен бірлескен жұмыстың нәтижесі өз жалғасын табуда. Рейд барысында меркі ауылдық округінде орналасқан кафелерде жұмыс жасайтын оқушылар кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер анықталған жоқ.. Мектепте 7-11 сынып оқушыларының ата – аналарымен кездесу ұйымдастырылып, оларға ҚР – ң ӘқбК-ң 127, 442 бабтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуі ұсынылды.