27
сентябрь
2022
9-10 сынып оқушыларының арасында «Өзін-өзі басқару» ұйымының мектеп президентін сайлау өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да 27 қыркүйек күні 9-10 сынып оқушыларының арасында «Өзін-өзі басқару» ұйымының мектеп президентін сайлау өткізілді. Сайлауға 5 үміткер өз кандидаттарын ұсынды. 10 «А» сынып оқушысы Жарылқасын Абылай , 10«Б» сынып оқушысы Жарылқасын Аяна, 10 «Б» сынып оқушысы Дүйсенғалиева Қамар, 9 «Г» сынып оқушысы Әзімхан Гүлназ, 9 «Е» сынып оқушысы Бекмурзаев Елжан қатысты. Үміткерлерге сайлаудың ережелері түсіндіріліп, сайлаудың өткізілуімен таныстырылды. Бес үміткердің ішінен ең көп дауыс жинаған 10 «Б» сынып оқушысы Жарылқасын Аяна «Өзін-өзі басқару» ұйымының мектеп президенті болып сайланды.