06
октябрь
2022
«ДУБЛЕР КҮНІ» өткізілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектептегі өзін өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілетін іске асыру мақсатында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мұғалімдер күніне арналған «ДУБЛЕР КҮНІ» өткізілді. Осы мақсатта жүргізілген айтулы шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін «Жас ұлан» ұйым белсенділері, 11 сынып оқушылары, «Өзін-өзі басқару» ұйымының «Мектеп парламент» мүшелері атқарды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Мектебіміздің сабақ берген 9-11 сынып оқушыларына алғыс білдіреміз!