05
сентябрь
2022
"Дұрыс тамақтана біл" тақырыбында 1 "Г" сыныбымен сұрақ- жауап ойын өткізді.
2022 жылдың қыркүйектің 5-і күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ 1 "Г" сынып жетекшісі Ыдырысова А.Ғ. "Дұрыс тамақтана біл" тақырыбында 1 "Г" сыныбымен сұрақ- жауап өткізді. Сабақ барысында оқушылар дұрыс тамақтану, пайдалы көкөністер, дәрумендер туралы суреттер бойынша әңгіме құрастырып, дәрумендердің адам ағзасына пайдасын сөз етті. Зиянды және пайдалы тағам түрлерін ажырата алды.