«Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында өткен жиналысы өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында өткен жиналыстың анықтамасы
Меркі ауылы 10.02.2022 жыл
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ ақпан айының 9 күні ДТЖО С.Досмахамбетов, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Х.Ж.Адешова, мектеп медбикесі А.Бабаеваның ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтана білесің бе?» атты тақырыпта 8-9 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді.
Мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы,дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Барысы: жиналысты ДТЖО С.Досмахамбетов ашып, оқушыларды келген қонақтармен таныстырды. Мектеп медбикесі А.Бабаева оқушыларға жеке бастың гигиенасы туралы түсіндірді. СӨС меңгерушісі Х.Адешова оқушыларға слайд көрсете отырып, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану адам ағзасына, өміріне қаншалықты маңызды екенін түсіндіре отырып, қазіргі кездегі газдалған сусын, «Фастфуд» өнімдерінің зияндылығын слайд, видеоролик арқылы көрсетті және оқушыларды күнделікті ағзаға қажетті тағамдар түрімен таныстырды.
Нәтижесінде: оқушылар зянды тағамдар туралы толық мәлімметтер алып, болашақта тез дайындалатын тағамдарды, газдалған сусындарды өте аз тұтынатындарын айтты.