02
декабрь
2022
"Сабақ үдерісіндегі қысқа мерзімді сабақтың тиімді жоспарлауы" тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы 39 ЖОББМГ-да 30 қараша күні "Сабақ үдерісіндегі қысқа мерзімді сабақтың тиімді жоспарлауы" тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байболатов Әлібек Бекниязұлы №130 бұйрықтың өзгертілуін басшылыққа ала отырып, №382 бұйрықтың орындалуын тілге тиек етті. Оқу бағдарламасындағы өзгерістерді енгізуін, бұйрықтағы қысқа мерзімді жоспардың жүзеге асырылуын, бүгінгі таңдағы кезектен түспейтін мәселе болып тұрғанын айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Султанова Айман Зияшовна мен биология пәні мұғалімі Қойшыманова Назира Сейсембайқызы сынды әріптестеріміз өз іс- тәжірибелерін ортаға салып, №130 бұйрықты басшылыққа алып , №382 бұйрықтағы өзгертулер бойынша қысқа мерзімді жоспарды құрастыру жолдарын көрсетті. Семинарға мектептегі әдістемелік бірлестік түгел қамтылды. Әр бірлестікке сабақ жоспарын құрып, бірлестіктегі жас мамандарға сабақты қорғауды ұсынды. Сабақ жоспарын құрудағы мақсаты жас мамандардың қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құру және қысқа мерзімдегі талаптардың орындалуын практикасында қолдануға ықпал етті. Мектеп директоры Тлеубердиева Гульжан Ержанқызы жас мамандардың құрған сабақ жоспарын ұстаздармен талқылап, ерекше білімді қажет ететін оқушыға тапсырма, саралау тапсырма, дарынды және үлгерімі төмен оқушымен жұмыстар қалай жүргізілу туралы өз іс- тәжірибесін ортаға салып, әріптестерімен ой бөлісті.