«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды құрастыру және оның тиімділігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар – практикум өтті. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды құрастыру және оның тиімділігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар – практикум өтті.
02
февраль
2023

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды құрастыру және оның тиімділігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар – практикум өтті.

Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың ақпан айының 2-сі күні «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды құрастыру және оның тиімділігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар – практикум өтті.
    Семинардың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды құрастыру және оның тиімділігін арттыру бойынша іс-тәжірибемен  бөлісу.Семинар барысында аудан мұғалімдеріне «Қазақ» газетінің  жарық көргеніне 110-жылға толуына байланысты арнайы көрме ұйымдастырылды, сахналық қойылым көрсетілді.
Семинардың ашылу барысында мектеп – директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы және аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Досмухамбетова Зульфия Мелсқызы семинар мақсаты , өткізілу барысын таныстырып сәттілік тіледі. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері С.А.Кушербаева «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу мақсатына сәйкес тапсырма ұйымдастыру және оның тиімділігі» тақырыбында,  Б.Ж.Әбдікерім «Биотехнология – тағам өндірісінде» тақырыбында, С.А.Досмахамбетов Бауыржан Момышұлының « Ұшқан ұя» повесі тақырыбында панорамалық сабақ көрсетіп ұстаздармен іс-тәжірибемен бөлісті.
Іс-шараның қорытындысында аудан ұстаздарымен кері байланыс жүргізіліп, семинардан алған әсерлері мен пікірлері тыңдалды.
Семинар соңында  «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш тамашаланды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив