27
январь
2023
«Білім сапасын арттыру: түйінді мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2022 жылдың қаңтар айының 27-сі күні «Білім сапасын арттыру: түйінді мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты: Тарих пәнін оқытуда геймификацияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу.
Семинар барысында аудан мұғалімдеріне биылғы оқу жылындағы атаулы күндер мен тарихи тұлғаларды таныстыру, насихаттау мақсатында «Тарих әлеміне саяхат» атты танымдық көрме ұйымдастырылды. Семинардың ашылу барысында мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы және аудандық білім бөлімінің тарих пәні әдіскері Байтулекова Жанар Болатовна семинар мақсаты, барысы таныстырылып, сәттілік тіледі.
Тарих пәні мұғалімі Г.А.Баубекова «Тарих пәні бойынша басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар» тақырыбында ұстаздарға іс-тәжірибемен алмасу бағытында әдістемелік көмек көрсетті. Мектебіміздің шебер ұстазы А.З.Султанова «Педагогикалық кәсіби шеберлік-білім беру сапасын арттыру құралы» атты шебер сынып көрсетті. Осы тұрғыда оқушылардың сапалы білім алудағы ұстаздың кәсіби деңгейлігі бағытында жұмыстарын көрсете отырып, оқушылардың дарындылығын айқындау мен жетістікке жету жолындағы әдістері туралы тәжірибесімен бөлісті. Тарих пәні мұғалімі Г.Н.Кенжеғараева «Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар» тақырыбында баяндама жасады. Білім сапасын арттыру жолдарын таныстырып, олқылықтардың алдын алу және жою мақсатында «Lesson Study» әдіс-тәсілдерімен таныстырды. «Тарих пәнін оқытуда геймификацияны қолдану» семинар –практикумды тарих пәні мұғалімі Ж.М.Мейірханова аудан ұстаздарымен бөлісті. Сапалы білім берудегі геймификация платформаларының тиімділігі мен қолдану әдісі туралы түсіндіріліп, практикалық тәжірибе жүргізді.
Іс-шараның қорытындысында аудан ұстаздарымен кері байланыс жүргізіліп, семинардан алған әсерлері мен пікірлері тыңдалды.