16
ноябрь
2022
9-11 сынып оқушыларының кәсіби бейімділік бағытында даярлығын зерттеу ұйымдастырылды.
Темірбек Қожакеев атындағы 39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының 9-11 сынып оқушыларының кәсіби бейімділік бағытында даярлығын зерттеу бойынша ұйымдастырылған диагностика қорытындысы туралы анықтама
2022-2023 оқу жылының Қараша айында 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіби тұрғыда өзін өзі анықтау, тұлғалық типтерін, бейінін нақтылау мақсатында кәсіптік тест диагностикасы өткізілді. Іс шараны мектеп психологтары Б.Назымбекова және Г. Асубаева өткізді.
Тест 20 сұрақтан тұрды. Сұрақтар оқушылардың болашақ кәсіп таңдау, мамандық түрлеріне бейімділігі, т.б сұрақтардан тұрды. Тест жалпы 130 оқушыдан алынды. Нәтижесінде оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы ойлары анықталды. Осы тұрғыда оқушыларға кәсіби бейімдеу бойынша психологиялық кеңестер берілді.