21
сентябрь
2022
9-11 сынып оқушыларының ата- аналарымен бағдарлы оқыту механизмі және шарттарымен таныстыру мақсатында жиналыс ұйымдастырылды.
022-2023 оқу жылының қыркүйек айында Темірбек Қожакеев атындағы 39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушыларының ата- аналарымен бағдарлы оқыту механизмі және шарттарымен таныстыру мақсатында жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа жалпы 82 ата - ана қатысты. Жиналыста директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байболатов кәсіптік бағдар бойынша оқушылардың болашақ мамандықты таңдаудағы бейімділікті анықтау барысында таңдау курстарын оқыту тиімділігін түсіндірді. Мектеп психологы Г.Асубаева оқушылардың кәсіби бейімділігін анықтау нәтижесін таныстырып, оқушылардың таңдау құқығында ата - ананың тығыз байланысын ескерді. 9-11 сынып жетекшілері оқушылардың мамандық таңдау мониторингісін тоқталып, сараптама жасады. Жиналыс қорытындысында ата - аналарға бағдарлы оқытуда кеңестер беріліп, қоғамдағы сұранысты қажет ететін мамандықтар бойынша презентация таныстырылды.