15
март
2023
«Жұлдызай» XVIII Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды.



Байқауға мектебімізден ерекше білімді қажет ететін 6 «Г» сынып оқушысы Парахат Асель қатысты.
Аудандық байқауда Парахат Асель күй сандықпен «Балқадиша» әнін орындап, өз өнерін көрсетті. Концерттік бағдарлама соңында Парахат Асельге өз өнерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін диплом мен сыйлықтар тарту етіліп, облысқа жолдама алды.
28 – наурыз күні «Жұлдызай» XVIII Республикалық балалар шығармашылық фестивалінің екінші кезеңі облыс көлемінде өткізілді, Фестивальға мектебімізден Парахат Асель қатыстырылды. Күй сандықта «Балқадиша» әнін орындап I орын иеленді. Өз өнерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алғыс хатымен» «100.000 теңге Сертификатпен» сыйлықпен марапатталды.