10
сентябрь
2020
Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі #02-4220 хатына сәйкес, Меркі ауданы әкімдігінің 08.09.2020ж. #495 хаты негізінде оқытудың ерекшеліктері туралы 2020 жылдың 10 қыркүйек күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту жағдайы " тақырыбында қашықтан жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында білім алушылардың өз денсаулығына, сапалы білім алуға жауапкершілігіне басты назар аударылып, күнделікті режимін сақтау мен жеке бас гигиенасы талаптарын орындау мен оқу үрдісінің ерекшеліктері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс соңында ата-аналардан сұрақ-жауап алынып, кері байланыс орнатылды.