19
август
2020
2020-2021 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тақырыбында қашықтықтан педагогикалық кеңес өтті.
2020жылдың 19 тамыз күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 2020-2021 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тақырыбында қашықтықтан педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске мектеп әкімшілігі мен 128 мұғалім қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.А.Қалқабаева жаңа оқу жылындағы қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау туралы айтып өтті.
Бастауыш сыныптардағы кезекші сыныптардың жұмыс бағыты мен қағидалары туралы ДОІЖО Абилдаева Г.Ж сөз етті. Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлері, оқуға қатысушы мұғалім мен оқушылардың рөлдері,оқыту сабақтарын жоспарлау, бағалау мен кері байланысты ұйымдастыру туралы өз кезегінде ДҒІЖО
В. А. Киргизбаева және ДОТІЖО Л.О. Қоржынбаева айтып, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.ДТЖО Б.Р.Дарменова өз сөзінде онлайн сабақты жүргізу кезіндегі сыртқы келбет пен онлайн этикет жөнінде ерекше тоқталып, виртуалды ортада қолайлы психологиялық ахуал туғызу қажеттігіне тоқталды.
Қашықтықтан өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне және уәжін көтеруге көмек беретін әдіс-тәсілдердің қажеттілігі мәселесі турасында мектеп психологы Б.Назымбекова терең түсінік берді.Онлайн жиналыс соңында мектеп әкімшілігі ұсыныстарды алға тартып, шешім қабылдады.