10
ноябрь
2023
«Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» тақырыбында тәлімгер А. К. Толепбаева дәріс оқыды.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да 9 қараша күні 9-11 сыныптар,«Өзін-өзі басқару» ұйымы,«Жас Ұлан» ұйымы,«Адал ұрпақ» ұйымымен «Діни сауаттылық - қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты он күндік барысында «Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» тақырыбында тәлімгер А. К. Толепбаева дәріс оқыды. Яғни Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен « Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы басшылыққа алынғандығы түсіндірілді.
Мектеп формалары күнделікті, мерекелік шараларға арналған және спорттық болып үшке бөлінетінін және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді.
Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы дәрісте түсіндіріліп айтылды.
Ұл балаларға:
Пиджак, жилет, ақ жейде және түймелері бар жемпір, шалбар киюге болатындығы рұқсат етілген.
Қыз балаларға:
Пиджак, жилет, ақ жейде, қара немесе көк туфли, тізеден төмен юбка (ұзындығы тізеден төмен 5-7 см төмен түсіп тұруы тиіс) немесе классикалық үлгіде шалбар киюге рұқсат етілетіні толық түсіндіріліп айтылды.
Мектеп оқушыларына үнемі мектеп формасын сақтау керектігі, мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланатындығы айтылды.#Біртұтас_тәрбие