26
февраль
2024
«Дәстүрлі кәсіп»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» ұлттық мүдде құндылықтарын сіңіру мақсатында «Дәстүрлі кәсіп» тақырыбында дәстүрлі кәсіп иелерімен кездесу өткізілді. Іс шара мақсаты білім алушыларды бүгінгі таңда келешек ұрпаққа өткен ата-бабаларымыздың бізге аманат етіп қалдырып кеткен, еліміздің рухани-мәдени мұра байлығымызды қайта жандандырып өскелең ұрпаққа дәріптеу. Іс-шараға қонаққа ұлттық мәдени мұраның жандануына үлес қосып жүрген жас шеберлер Құдайберген Саадат Сейикаримқызы, Сағатбаева Гұлнұр Құдайбергенқызы кездесуге келді. Мектебіміздің оқушылары жасаған көрмесін тамашалап, шебер өзінің қыш өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі екенін айтты. Оның тарихы ғасырлар бұрын бастау алып, жасалу технологиясы жылдан-жылға күрделене түскен. Бүгінде қыш құю ісімен айналысатын шеберлер көп емес. Алайда соңғы тенденцияларға сәкес шеберлер жұмысына деген сұраныс жыл сайын артып келетіндігін айтты. Кездесу соңында өз жұмыстарын көрсетіп, білім алушыларға құмыра жасау шеберлік сағатын өткізді.