12
март
2024
«Нашақорлық қоғам дерті»
2024 жылдың 12 наурыз күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-ның 7 сыныптар оқушыларының арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы күрес тақырыбындағы «Нашақорлық қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектептің барлық 7 сынып оқушылары, мектеп инспекторы Г.Килебаева, ДҚТЖО А. Жумагулов, әлеуметтік педагог А.Талпакова қатысты. Дөңгелек үстелде оқушыларға тақырыпқа сай видеоролик көрсетілді, оқушылар «Есірткі жас өмірді улаушы» тақырында постер қорғап, өз ойларын толық жан жақты талқылады. Нашақорлық қоғам дерті екенін, онымен күресуде әрбір адамның шетте қалмау керектігін түсінді. Оқушылар ең қымбат нәрсе ол – өмір екенін, әркім өз өмірінің өз қолында екенін, салауатты өмір салтын сақтау керектігін, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсінді.