13
март
2024
«Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Жеңгесі бар үйдің қызы сүйкімді» тақырыбында сырласу кеші өткізілді. Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Сырласу кешіне 9 сынып оқушыларымен жеңгелері қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.