15
сентябрь
2022
6-11 сынып қыздарымен және «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерімен кездесу өткізілді.
2022 жылдың 15 қыркүйегінде Темірбек Қожакеев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 6-11 сынып қыздарымен және «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерімен мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаханова Р.Ж., директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талпакова А.С. және мектеп медбикесі Бабаева А. қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу.
Кездесу барысында қыз-балаларға олардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлықтарының өзгеруі, физиологиялық ерекшеліктері, тазалық және бөтен адамдармен сөйлесудің қауіп-қатері жайлы жан-жақты айтылды. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз. «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазақ елі өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тыйым» жасайтындығы жайлы түсіндірілді.