04
апрель
2024
«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында арнайы мамандармен 8-10 сынып қыздарымен кездесу өткізілді.
2024 жылы 4 сәуір күні Темірбек Қожакеев атындығы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында арнайы мамандармен 8-10 сынып қыздарымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалыптастыру болып табылады. Кездесуге мектеп пихологтары; Г.Асубаева, Б.Назымбекова, мектеп медбикесі А.Бабаева, Меркі аудандық орталық емханасының акушер-гинеколог дәрігері А.Ш.Абылхайыр, ЮПТ полиция капитаны Г.Килебаева қатысты.