07
февраль
2023
Жас ерекшелік дамуы және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудандық емханамен бірлескен кездесу өткізілді.
2023 жылдың 7 ақпанында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қыз-балалар құқықтарын көтермелеу, жас ерекшелік дамуы және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудандық емханамен бірлескен кездесу өткізілді. 8-11 сынып қыздарымен кездесуге Меркі аудандық орталық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бас дәрігері Қ.А.Жексенбиева, аудандық орталық емханасының гинеколог дәрігері А.С.Айдосова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаханова Р.Ж., мектеп медбикесі Бабаева А., мектеп психологтары Назымбекова Б., Ахметова Э., Асубаева Г. қатысты. Кездесу барысында қыз-балаларға жас ерекшеліктеріне қарай ағзаның дамуы, өзгеруі, ерте жүктіліктің зардаптары, ерте жастан күштеп қиылатын некенің ертеңі қандай болатындығы туралы мәліметтер берілді. Келген дәрігерлер қыздардың сұрақтарына жауап берді.