15
май
2024
«АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСУДЕГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
2024 жылдың 15 мамыр күні Т.Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да «АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСУДЕГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» тақырыбында 7-ші сыныптарында дөңгелек үстөл өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың өз құқықтары туралы білімдерін тексере отырып, қоғамдағы кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, өз мүдделерін қорғай алатындай, балалардың құқықтарын қорғауға үйрету.
Дөңгелек үстелдің барысында «Адамды саудаға салу» Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 128 бабында қаралатындығы таныстырылды. Сондай-ақ адам саудасының пайда болуы туралы 7 «б» сыныбының оқушысы Мекен Бекжан айтып өтті. 7 сынып оқушылары Мусабек Мөлдір, Бөлекбай Айерке, Жолдабек Дамир «Адам саудасының өркендеу себептері» туралы өз жинаған мәліметтерімен бөлісті, 7 «Г» сынып оқушылары Мырзалы Аружан мен Қайрат Ардақ «Адам саудасының алдын алу» туралы баяндамаларын оқыды.