15
май
2024
Мамандық таңдау бойынша кеңес беру жұмысы жүргізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 29 сәуір -14 мамыр аралығында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9,10,11 сынып оқушыларына кеңес беру жұмысы жүргізілді.
Қазіргі уақытта білім алушылардың алдында қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты өте өзекті мамандық таңдау мәселесі тұр. Жаңа мамандықтардың бар екендігі туралы оқушыларға құнды ақпараттар бере отырып, еңбек нарығының сұранысы мен оқушының жеке қабілеті және кәсіпті табысты таңдаудың факторларына байланысты кеңес берілді.
Мамандық таңдау мәселесіне байланысты мектепте кәсіби бағдар беру жұмысының міндеттері:
• Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету;
• Олардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, кәсіптерді дербес және саналы таңдауын қалыптастыруға ықпал ету;
• Оқушыларды түрлі мамандықтарды алу жолдары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау;
Осы орайда оқушылармен тренинг түрінде топтық кәсіптік бағдар беру сабақтары жүргізіліп, мамандық ерекшелігі талқыланды, әр оқушының қызығушылығы мен кәсіби таңдауы анықталып, кеңес беру жұмысы жүргізілді.