08
октябрь
2021
«Кәсіптік бағдар беру» жұмыстары бойынша
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Кәсіптік бағдар беру» жұмыстары бойынша іс-шараларды жандандыру қажет екендігін ескере келе, 9 сынып оқушыларымен бағдарлау,түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер ететіндігі. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Мектеп бітіретін 9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі дей келе 9 сынып жетекішісі А.Ниязкулова , Қ.Нүрпейісова видеороликтер көрсетіп ,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар мектеп психологы А.Талпакова оқушылардан сауалнама жүргізіп, тренинг өткізді. Демек оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін 9 сынып ұстаздары оқушыларымен бірге жыл сайын, колледждерге «ашық есік» күніне қатысып қайтады.