15
апрель
2024
«Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 15.04.2024 жылы көркем еңбек пән мұғалімі Әмірқұл Нұркелді 5 «В» сыныбымен «Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы, ұйымдастырылуы жақсы. Оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілеп сабақты жақсы қызығушылықпен, ынтамен бастады. Алғашында сурет қиындылары арқылы оқушыларды екі топқа бөлді. Өткенді қайталау бойынша сұрақтар қойды, оқушылар сұрақтарға мідірмей жауап берді. Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіп, жаңа сабақты түсіндірді. «Бес сұрақ» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Оқушылар берілген тапсырманы жақсы деңгейде орындап шықты. Қ/Б: топтар бірін-бірі бағалады. «Қарапайым тізім» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Сарамандық жұмыс: екі топ топтаса электр схемсын құрып, шам жақты, қорғап шықты және жасаған жұмыстарын бағалады. Мұғалім тарапынан бағалау болды. Сабақ соңында «Білім ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді. Жұмыс үстелдерін тазалап, құрал-жабдықтарын орындарымен жинастырды. Мұғалім оқу мақсатын негізге ала отырып, сабақ мақсатын дұрыс құрған. Сабақ мақсатында мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ мақсатына жетті.