16
апрель
2024
"Переселение гуннов на Запад"
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тарих апталығында өткізілген ашық сабақ. 2024 жылдың сәуір айының 16-і күні 5"Ж" сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен "Переселение гуннов на Запад" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында интербелсенді тақта, Қазақстан Республикасының саяси картасы, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, т.б ресурстар қолданылды. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеді. Әр топбасшысына бағалау парағын үлестіріп, бағалау ережесімен таныстырды. Үй тапсырмасын тексеру барысында "Миға шабуыл" тәсілімен "Wordwoll" технологиясын қолдану арқылы оқушыларға сұрақтар қоя отырып, білімдерін шыңдады. Жаңа сабақ кезеңінде мұғалім тақырыпты, оқу мақсатын таныстырып, тақырыптық бейнесабақ көрсетілді. Сабақты түсіну барысында оқушыларға топтық, жұптық тапсырмалар берілді.Оқушылар постер қорғап, сәйкестендіру кестелері арқылы тапсырманы орындауда оқушылар өте белсенді, білімді игеру деңгейлері жоғары болды. Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім интербелсенді тақта арқылы Ғұндар атты тақырыпқа өткен білімдерін пысықтау тапсырмасын берді. Нәтижесінде оқушылар өткен тақырыптағы білімдерімен толықтырды.Үйге тапсырма беру кезеңінде оқушыларға тақырыптық презентация қорғау тапсырмасы берілді. Кері байланыс орнатуда "SMS" әдісімен оқушылар ұялы телефонмен сабақты меңгеру деңгейлерін көрсетті. Сабақтың соңында мұғалім бағалау парағы бойынша оқушылардың білімдерін бағалады. Сабақ жоғары деңгейде , оқушыларға терең білім беріліп, өз мақсатына жетті.