27
сентябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі"
2024 жылдың 27 қыркүйекте Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі" тақырыбында балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалады. Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар беріледі. Олардың ішінде - баланың мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі белсенділік мониторингі, мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді. Бұдан бөлек, мамандар баламен тұрақты қарым-қатынас жасаудың, ашық диалог үшін сенімді орта құрудың және ата-аналардың баласының өміріне ұдайы қатысуының маңыздылығына назар аударды.
«Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тиіс. Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу - бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, сонымен қатар өз баласымен оны әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты екендігін түсіндірілді.
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында апта сайын сынып сағаттары аясында «Қауіпсіздік сабақтары» туралы айтылды, сабақ кезінде интернеттегі тәуекелден қорғану, өзін-өзі сақтау дағдыларын дамыту және түрлі қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету тақырыптары қамтылуда. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар және педагогтер үшін психологиялық, құқықтық және әдістемелік кеңес алуға болатын психологиялық қолдау орталықтары боынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға «Балаға қалай көмек көрсету қажет?», «Баланың қандай мінез-құлқына назар аудару керек?», «Баланың әрекетін қалай басқаруға болады?», «Интернетте не істеуге болмайды?», «Қайда жүгіну керек?» атты тақырыпта ата-аналарға арналған жаднамалар таратылып, балаларының ұялы телефондары мен гаджеттерін тексеру ұсынылды.
Ал балаларға жасалған қатыгездікке куә болсаңыз, тәулік бойы қызмет ететін «111» нөміріне хабарласуға болатындығы айтылды.