16
сентябрь
2024
Кәсіптік бағдар бойынша кеңес берілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 9 қыркүйек - 16 қыркүйек аралығында 9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында кеңес беру жұмысы жүргізілді. Қазіргі уақытта 9,10,11 сынып оқушыларының алдында қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты өте өзекті мамандық таңдау мәселесі тұр. Мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балабеков Ф.Ж мен кәсіптік бағдар беруші педагог Талпакова А.С жаңа мамандықтардың бар екендігі туралы оқушыларға құнды ақпараттар бере отырып, еңбек нарығының сұранысы мен оқушының жеке қабілеті және кәсіпті табысты таңдаудың факторларына байланысты кеңес беріп өтті. Осы орайда оқушылармен тренинг түрінде топтық кәсіптік бағдар беру сабақтары жүргізіліп, мамандық ерекшелігі талқыланды, әр оқушының қызығушылығы мен кәсіби таңдауы анықталып, кеңес беру жұмысы жүргізілді. Кәсіби қызметтің бағыттары мен түрлері туралы түсінік қалыптастырылды, жеке өзін-өзі анықтау және өзін-өзі белсендіруге көмек көрсетілді.