04
октябрь
2024
Шығарма жазу байқауы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мұғалімдер күні мерекесіне орай 2 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Менің арманымдағы ұстаз», «Ұстаз болу сезімнің батылдығы», «Ұстаз – адам жанының инженері» тақырыптарында 9,10 - сыныптар арасында шығарма жазу байқауын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Ұстаздың зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеудегі еңбегін бағалау. Білім алушылар өздерінің жазба жұмысында жазушы М.Жұмабаевтың «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген пікірін негізге алып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи, әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екеніне тоқталған.
Нәтижесінде жазатын ойын іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алған, өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасы мен еркін ұштастыра отырып баяндаған шығармашыл білім алушылардың шығармалары жоғары бағаланды.