«Жас Ұлан» ұйымының «Ұланбасы» мен «Өзін-өзі басқару» ұйымының Мектеп Президентін сайлауы өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да 18 қазан күні 9-10 сынып оқушыларының арасында «Жас Ұлан» ұйымының «Ұланбасы» мен «Өзін-өзі басқару» ұйымының Мектеп Президентін сайлауы өткізілді. Сайлауда Ұланбасыға 2 үміткер олар
10 «ә» сынып оқушысы Шади Каусар , 9 «б» сынып оқушысы Молдакерім Кәмшат, Мектеп Президенті бойынша 4 үміткер, олар 10 «ә» сынып оқушысы Шаилда Ақберді, 9 «ә» сынып оқушысы Әзімхан Нұрсәт, 10 «б» сынып оқушысы Ерболат Сезім, 10 «б» сынып оқушысы Арман Анеля өз бақтарын сынады. Үміткерлерге сайлаудың ережелері түсіндіріліп, сайлаудың өткізілуімен таныстырылды. Алты үміткердің ішінен ең көп дауыс жинаған 10 «ә» сынып оқушысы Шаилда Ақберді «Өзін-өзі басқару» ұйымының Мектеп Президенті болып сайланса, «Жас Ұлан» ұйымының «Ұланбасы» болып 10 «ә» сынып оқушысы Шади Каусар тағайындалды. Дауыс берушілер өте белсенді қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DAshGyhMsht/?igsh=MWN2d2g5bXA3d24zZQ==