18
ноябрь
2024
Оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық аясында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 11-18 -ші қараша күндері оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық аясында 8-11 сынып оқушылары арасында “Өмір құндылығы” тақырыбында эссе, 5-7 сыныптар арасында "Менің болашақ өмірім" тақырыбында шығарма байқау өткізілді.Осы айлық аясында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру және болашаққа деген сенімдерін нығайту мақсатында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.