24
январь
2025
“Құқық және тәртіп туралы не білеміз?” тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қаңтар “Заң және тәртіп” айының жоспарына сәйкес 10-сыныптар арасында “Құқық және тәртіп туралы не білеміз?” тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Интеллектуалдық ойынның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық тәртіп туралы білімдерін тереңдету және өз құқықтарын қорғауға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Интеллектуалдық ойын бірнеше кезеңнен тұрды, оның ішінде:

- Құқықтық сауаттылықты тексеру сұрақтары;
- Жағдаяттық тапсырмалар шешу;
- Командалық пікірталастар;
- Практикалық құқықтық мәселелерді талдау.

