23
февраль
2022
«Құқықтық сауаттылық заман талабы»тақырыбында дәріс өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Құқықтық тәрбие құқық бұзушылықтың алдын-алу айлығы аясында ақпанның 23 күні 8-9 сынып оқушыларының қыз балаларына «Құқықтық сауаттылық заман талабы»тақырыбында дәріс өткізілді.
Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны: Г.Б.Килебаева, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Дарменова Б.Р, мектеп психологы:А.С.Талпақованың қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы және оларға қатысты қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Дарменова Б.Р мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау бойынша, мәдени- гигиеналық талаптардың орындалуы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізсе, мектеп инспекторы Г.Килебаева кафе, түнгі клубтарда беймезгіл уақытта жүрмеу, сауда орталықтарында, (кафелерде ыдыс аяқ жуу, даяршылық қызмет), түнгі компьютерлік ойын клубтарында жүрмеу жайында ескерте келе кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына және әдеп нормаларының сақталуына, талаптардың орындалуына тоқталып өтті. Мектеп психологы:А.С.Талпақова қыздардың физиологиялық ерекшелігіне тоқтала келе жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық және психологиялық өзгерістерге байланысты кеңес берді.