23
январь
2025
Бастауыш сынып мұғалімі Бөртебаева Гүлнұр Төлебайқызы аудан көлемінде шығармашылық есеп берді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бөртебаева Гүлнұр Төлебайқызы аудан көлемінде шығармашылық есеп берді Аудан мектептерінен жиналған 30 мұғалім тіркеуден өтіп, ана тілінен ашық сабаққа кірді. Жоспарланған коучингке кіруден бұрын тренинг өткізіп ," Ептілік, дәм сезу, әдемі тілек, теннис сұрағы" шағын ойын тапсырмаларын орындады. "Оқу мен оқытудағы білім алушылардың интеллектуалды қабілетін арттыруда тиімділіктің жаңа деңгейі - жасанды интеллект" атты тақырыпта ұйымдастырылған коучингте жасанды интеллект платформаларына салып тапсырмалар орындап, жасанды интеллекттің пайдалы және зиянды жақтары туралы ойларымен бөлісу ұсынылды. Гүлнұр Төлебайқызының "Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды дамуын қамтамасыз ете отырып, оқу әрекеттерін қалыптастыру " атты тақырыпта баяндамасы тыңдалып, кеш ары қарай концерттік бағдарламаны тамашалаумен жалғасты. "Жақсы адамдар" телеарнасында сұхбат алу мақсатында жүргізушінің сұрақтары арқылы ұстаздың өмір және еңбек жолына шеру тартылды. Бірінші ұстазы, бітіріп кеткен және қазіргі түлектерінің тілектері, өнерлері көрсетілді. Кеш соңында Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Абенова Ләззат Ақылбековна, мектебіміз директоры Гүлжан Ержанқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Балжан Дауырбаевалардың жүрекжарды лебіздері тыңдалды.
https://www.instagram.com/reel/C7yqY0JMDqc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C7yqY0JMDqc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==