10
декабрь
2024
«Діни эктремизм несімен қауіпті?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында діни экстремизм және терроризмге қарсы күреске бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушыларына «Діни эктремизм несімен қауіпті?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға діни экстремизмнің қоғамға тигізетін қауіпті әсері туралы түсінік беру, оларды жат ағымдардан сақтандыру және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер туралы ақпараттандыру.
Көрсетілген бейнероликте экстремизмнің белгілері, оның таралу жолдары және одан сақтану әдістері кеңінен баяндалды. Сондай-ақ, оқушыларға экстремистік идеологияның жастарға тигізетін кері әсері туралы мағлұмат беріліп, оларды сыни ойлау қабілетін дамытуға, ақпаратты дұрыс талдап, сүзгіден өткізуге шақырды.
Шара соңында оқушылар бейнероликке қатысты пікірлерін білдіріп, тақырып бойынша сұрақтар қойды. Мұғалімдер мен ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, діни сауаттылықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
https://www.youtube.com/watch?v=U-zS7mYcLAk