«Дін және жастар» тақырыбында кездесу » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дін және жастар» тақырыбында кездесу
04
февраль
2025

«Дін және жастар» тақырыбында кездесу

Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруға  бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-ші ақпан күні аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, дін саласындағы аудандық ақпараттық тобының жетекшісі А.С.Мамбетов және мектеп инспекторы Г.Килибаевамен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға діннің қоғамдағы рөлі, оның зайырлы мемлекеттегі маңызы және жастарды діни сауаттылыққа шақыру туралы түсінік беру. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу шаралары түсіндірілді. Шара барысында мамандар жастарға діни сенім бостандығы, дәстүрлі діндер мен олардың құндылықтары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, жат ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде түсініксіз діни ақпараттарды таратпауға, тиым салынған сайттарға (әлеуметтік желілерде де) кірмеуге ескерту берілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Қатысушылар бұл тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осындай кездесулердің маңыздылығын ерекше бағалады.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив