«Қыз әдебімен көрікті» тақырыбындағы зияткерлік сайыс өткізілді » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз әдебімен көрікті» тақырыбындағы зияткерлік сайыс өткізілді
05
март
2025

«Қыз әдебімен көрікті» тақырыбындағы зияткерлік сайыс өткізілді

Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 7-8 сынып оқушылары арасында «Қыз әдебімен көрікті» тақырыбындағы  зияткерлік сайыс өткізілді. Бұл іс-шара «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» меркесі аясында өткізіледі. Мақсаты – қыз балаларға ұлттық тәрбие беру, олардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайылық сияқты асыл қасиеттерді сіңіру. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қазақтың салт-дәстүрін және әдет-ғұрыптарын насихаттау және қыз баланың қоғамдағы рөлін дәріптеу.
Сайыс барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, өнерлерін және ұлттық мәдениетке деген құрметтерін көрсете білді. Бағалау барысында олардың әдептілігі, тапқырлығы, өнері мен сөйлеу мәдениеті бағаланды. 
Зияткерлік сайыс төмендегідей кезеңдерден тұрды:  
  1. «Сәлем сөздің анасы» -таныстыру;
  2. «Сұлу сөз - көркем мінез»  - сұраққа жауап беру; 
  3. «Сән үлгісі»  - өз киімін таныстыру, ұлттық киім үлгісін сипаттау;                     
  4. «Салт-дәстүр және әдеп»  - қазақтың салт –дәстүрлеріне байланысты жағдаяттық сұрақтарға жауап беру;
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив