04
март
2025
Ата-аналар жиналысы
Алғашқы сөзді мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева алып, бүгінгі жиналыста қаралатын мәселелермен таныстырып өтті. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева «Ата-ана мен ұстаз арасындағы ынтымақ - шәкірт білімінің белесі» тақырыбында өз баяндамасында отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы, мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс қажеттілігі, мектебімізде жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие процесі, атқарылған жұмыстар, оқу жылында жеткен жетістіктерге және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне туралы айтылды. Сонымен қатар мектептегі қауіпсіздік шаралары, мектеп формы, сабаққа кешікпеу, ұялы телефондарды пайдалану тәртібі және басқа да маңызды ережелер туралы түсіндірілді.
Мектеп ұжымы, білімалушылар және ата-аналардан құралған «Үштік одақтың» ынтымағының арқасында мектебіміз былтырғы оқу жылының қортындысымен облыста "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын жеңіп алып, 68 млн теңгенің сертификатына ие болды. Осы қаражатқа алынған мектеп жиһаздары, компьютерлер, панельді тақталар, роботтар, акт залының жабдықтарын келесі видеодан көресіздер, деп өз баяндамасын аяқтап жиналысқа қатысушыларға ақпарттық видео көруді ұсынды.