02
февраль
2026
«Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Темірбек Қожакеев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумагулов пен тәлімгер А.Толепбаева қатысты.Іс-шара барысында буллингтің түрлері (вербалды, физикалық, кибербуллинг), оның психологиялық және құқықтық салдары кеңінен түсіндіріліп, жасөспірімдерге өз құқықтарын қорғау жолдары мен өмірде кездесуі мүмкін қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мұндай алдын алу бағытындағы іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мектептегі қауіпсіз достық қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, сондай-ақ мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін арттыру, зорлық-зомбылыққа және буллингке жол бермеу.
https://www.instagram.com/reel/DUI9o8NjFUa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==