15
апрель
2025
“Ұлық тұтар – Ұлы заң” тақырыбында зияткерлік ойын өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 2025 жылдың 15-ші сәуір күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай “Ұлық тұтар – Ұлы заң” тақырыбында 7-сынып білім алушылары арасында зияткерлік ойын өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызын терең түсіндіру, зияткерлік қабілеттерін дамыту және патриоттық сана-сезімін қалыптастыру болды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.