15
апрель
2025
Болашақ - өзіңнен басталады” тақырыбында жас мамандар ашық сабағы өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 15.04.2025 жылы шетел тілі пәні мұғалімі Жайма Алтынай Ермекқызы 5«Ә» сыныбымен «Safe splashing» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын «Froggy jumps» әдісі арқылы тексерді. Сабақ барысында әр спорттың тәртібін айта алу мақсатында must/mustn’t ережесі түсіндіріліп, ал бассейндегі ереже видео арқылы түсіндірілді. Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру үшін өмірмен байланыстырылған топтық жұмыс жүргізілді. «Treasure» әдісі бойынша жұптық тапсырма орындалды. «Ball» әдісі арқылы жеке саралау тапсырмасы орындалды. «Genially» платформасын қолдана отырып дұрыс не бұрыс тапсырмасы орындалды. Бағалау дене шынықтыру пәнімен ұштаса отырып «Swimmers» әдісімен жүргізіліп, «Goal» әдісімен кері байланыс берілді.Мұғалім оқу мақсатын негізге ала отырып, сабақ мақсатын дұрыс құрған. Сабақ мақсатында мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ мақсатына жетті.










