17
апрель
2025
"Өмірін өлеңмен өрнектеген" атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ - нда 5 – 8 сынып оқушылары арасында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шырын Мамасерікованың 80 жылдығына орай "Өмірін өлеңмен өрнектеген" атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты - оқушылардың ақын өлеңдеріне, поэзиясына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы поэзия әлемін насихаттау. Байқауға барлығы 20 оқушы қатысты, өлең санына, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуларына қарай оқушылар іріктеліп, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Аудандық кезеңге жолдаманы 7-сынып оқушысы Көшкінбай Айша алды.
