30
апрель
2025
«Қазақстан – достық пен татулықтың мекені» тақырыбында меркелік іс-шара өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан – достық пен татулықтың мекені» тақырыбында меркелік іс-шара өтті.
Мақсаты:Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын дәріптеу, оқушыларды елжандылыққа, бейбітшілік пен татулықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында әр ұлттың мәдениетін танытатын әндер, билер, көріністер көрсетілді. Оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстырып, достық пен татулықты ұлықтаған көріністер қойды. Сонымен қатар, "Бірлік бар жерде – тірлік бар" тақырыбында өлеңдер оқылып, оқушылардың өзара сыйластық пен бірлік туралы ойлары тыңдалды. Іс-шара оқушылардың бойында достықты, өзара сыйластықты, еліміздегі бейбіт өмірді қадірлеуге деген ықыласын арттырды.