18
март
2025
Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам
Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам
"Серпін 2050" мемлекеттік бағдарламасы аясында 8-11 сынып оқушылары үшін "Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам" атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға заманауи мамандықтар туралы түсінік беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерді таныстыру, сонымен қатар өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.Іс-шара барысында қатысушылар:
- Қазақстанның білім беру жүйесі және "Серпін 2050" бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысты.
- Мамандықтарды таңдау кезінде ескерілетін маңызды факторлар туралы ақпарат алды.
- Өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша оқушыларға ақпараттық материалдар таратылып, мамандық таңдау бойынша жеке кеңестер берілді.

