01
сентябрь
2025
«Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты іс-шара өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер, сондай-ақ 9 және 11-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен мектеп директоры мен ұстаздар құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Іс-шара барысында білім ордасының тарихы мен жетістіктері айтылып, қонақтар тарапынан мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға ізгі тілектер айтылды.
«Мектебім – мейірім мекені!» атты мерекелік басқосу оқушылардың бойында отансүйгіштік пен мейірім, достық пен сыйластық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.