«Ана тілім-алтын нәрі бабамның» тақырыбында апталықтың ашылу өтті
Бүгін Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында «5-қыркүйек-қазақ халқының тағдыры және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орай» апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Жүргізушілер аталған апталықтың жоспарымен таныстырып, оқушыларды тілдер мерекесіне арналған апталыққа белсенді қатысуға шақырды. Мақсаты- оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде екендігін ұғындыру мақсатында мектеп дәлізінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі қойылды.
Ашылу салтанатын 5– сынып оқушыларының «Матушка земля» әнімен бастап, көрермендердің бойына шабыт сыйлады.
Алғашқы сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрсынов Жасұлан Есқалиұлына беріліп, тілдер мерекесімен құттықтап, оқушыларға жылы лебізін білдірді.
Мектеп мақтаныштары, қарасөз шеберлері «Ана тілі», «Отан», «Үш бақытым» туралы өлең жолдарын үш тілде мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды.
5 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет екендігін оқушыларымыз сезіне білді.