08
сентябрь
2025
«Жол ережесін сақтай біл» тақырыбында білім алушылармен танымдық кездесу өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 2-12 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз – балалар» атты он күндігі барысында Меркі аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ патрульдық полиция тобының қызметтік инспекторы полиция аға лейтенанты А.Жанықұлов, мектеп инспекторы Г.Килибаевамен «Жол ережесін сақтай біл» тақырыбында білім алушылармен танымдық кездесу өткізілді. Кездесуде оқушыларға жолда жүру ережелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында білім алушыларға:
- жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
- бағдаршам түстерінің мағынасы мен жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері;
- көшеде, мектеп аумағында және үй маңында жүріп-тұру мәдениеті түсіндірілді.
Сонымен қатар, білім алушыларға жол белгілері көрсетіліп, шағын тәжірибелік тапсырмалар орындатылды. Балалар өз ойларын ортаға салып, мамандарға сұрақтар қойды.
