«Өмірге салауатты қадам» отбасылық спорттық марафон өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Отбасы күніне» арналған «Отбасы – махаббат пен мейірім мекені» тақырыбындағы онкүндігі жоспарына сәйкес «Өмірге салауатты қадам» атты отбасылық спорттық марафон өткізілді. Марафонға 5-ші сыныптардан «Қыран», «Жеңімпаздар әулиеті», «Сұңқар», «Көшбасшы» командасы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту және отбасы мүшелерінің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау.
Іс-шара барысында марафонға мектебіміздің үлгілі отбасылар қатысып, ата-аналар мен балалар бір команда ретінде түрлі спорттық эстафеталар мен ойын түрлерінде өзара үйлесімді әрекет пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін, спорттық шеберлікпен қатар, отбасылық бірлік пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті.
Іс-шара соңында мектеп директоры барлық қатысушы отбасыларға алғыс хат табысталды.