16
сентябрь
2025
Оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу
Бүгін Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Меркі аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция капитаны Дарменов Талант Қайратұлы қатысып, оқушыларға құқықтық тәрбие, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары мен жауапкершілік туралы жан-жақты мағлұмат алды.




Кездесу барысында жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары мен жауапкершілік туралы жан-жақты мағлұмат алды.




