21
февраль
2023
Құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында 9-11 сыныптың ұл балаларымен полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
2023 жылдың 21 күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында 9-11 сыныптың ұл балаларымен полиция қызметкерлерінің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы және оларға қатысты қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖПҚб бастығы полиция майоры А.Майнаусов балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы және алаяқтық іс-әрекеттер, кибербуллинг, буллинг бойынша туралы қылмыстық жауапкершілікті айтып өтті. ЖПҚб УПИ полиция капитаны М.Абишев кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, зиянды заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп кетті. Келесі кезекте Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны: Г.Килебаева өз сөзінде мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау бойынша форма мәселесіне, сабақтан себепсіз қалмау, кафе, түнгі клубтарда беймезгіл уақытта жүрмеу, сауда орталықтарында, (кафелерде ыдыс аяқ жуу, даяршылық қызмет), түнгі компьютерлік ойын клубтарында жүрмеу жайында ескерте келе кәмелеттік жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау іс-қимылдары бойынша түсіндіріп кетті.